28.04.20
19:26

2020 жылғы 28 сәуірде өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 28 сәуірде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижелері бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

"Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру және осы жиналыстың күн тәртібін қалыптастыру туралы" мәселе бойынша:

1. "Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) шақырылсын және оның келесідей күн тәртібі бекітілсін:

"1. Орталық депозитарийдің 2019 жылғы қызметі туралы.

2. Орталық депозитарийдің 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

3. Орталық депозитарийдің 2019 жылғы таза кірісін (пайдасын) бөлу тәртібі туралы.

4. Орталық депозитарийдің және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне акционерлердің өтініштері туралы, сондай-ақ осындай өтініштерді қарау қорытындысы туралы.

5. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.

6. Директорлар кеңесі мүшелеріне – тәуелсіз директорларға 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы төлеу туралы.

7. Орталық депозитарийдің жарғысына № 1 түзетулерді бекіту туралы.

8. Акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесіне № 2 түзетулерді бекіту туралы. ".

2. Жиналыс 2020 жылғы 28 мамырда Алматы уақытымен сағат 11.00-де "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ конференц-залында (Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28, 2ші қабат) өткізілсін, Жиналысқа қатысушыларды тіркеу оны өткізетін жерде Алматы уақытымен 10.30-да басталсын.

3. Жиналысқа қатысуға құқығы бар "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 29 сәуірде Алматы уақытымен 00.00 жағдай бойынша жасалсын.

4. Кворум болмаған жағдайда, қайталама Жиналыстың осындай жиналысқа қатысушыларды ол өткізілетін жерде Алматы уақытымен 10:30-да тіркеуді бастаумен жоғарыда көзделген мекенжай бойынша 2020 жылғы 29 мамырда Алматы уақытымен 11.00-де өткізілетіні белгіленсін.

"Орталық депозитарийдің 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту туралы" мәселе бойынша:

1. Орталық депозитарийдің 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігі алдын ала бекітілсін.

2. Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына Орталық депозитарийдің 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту ұсынылсын.