28.04.20
10:17

"ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ облигацияларын орналастыру және айналысқа жіберу тоқтатылды

2020 жылғы 28 сәуірде Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде эмитенті "ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ болып табылатын KZ2C00004075 атауындағы облигацияларды орналастыру және айналысқа жіберу облигацияларды шығару проспектісіне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының өткізілуіне байланысты тоқтатылды.