09.04.20
15:03

2020 жылғы 27 наурызда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 27 наурызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижелері бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

"Орталық депозитариймен айрықша қатынастармен байланысты тұлғамен мәміле жасау туралы, атап айтқанда резервтік техникалық орталыққа орналасу үшін офистік үй-жайларды жалдау бойынша қызметті сатып алу туралы "РТРС" ЖШС-мен шарт жасау туралы" мәселе бойынша:

Орталық депозитарий "РТРС" ЖШС-мен (Орталық депозитариймен айрықша қатынастармен байланысты тұлғамен) мәміле жасасын, атап айтқанда "РТРС" ЖШС-ге қандай да бір жеңілдік шарттарын берместен резервтік техникалық орталыққа орналасу үшін офистік үй-жайды жалдау бойынша қызметті сатып алу туралы шарт жасасын.

"Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелері) және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырампаздығын және 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпаратты талдау нәтижелері бойынша қорытынды туралы" мәселе бойынша:

Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелері) және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырампаздығын және 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпаратты талдау нәтижелері бойынша қорытынды назарға алынсын.

"Тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәндерін бағалау және тәуекел көрсеткіштерінің ең жоғары жол берілетін мәндерін анықтау жөніндегі қорытынды туралы" мәселе бойынша:

1. Тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәндерін бағалау бойынша қорытынды назарға алынсын.

2. Тәуекелдер көрсеткіштерінің ең жоғары жол берілетін мәндері бекітілсін.

3. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген тәуекелдер көрсеткіштерінің ең жоғары жол берілетін мәндерінің 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылсын (2018 жылғы 30 қарашадағы отырыстың № 87 хаттамасы).

4. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді сақтандырудың және материалдық активтерді сақтандырудың негізгі шарттары анықталсын (Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес).

"2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық есептілігі коэффициенттерінің мәндерін есептеу туралы" мәселе бойынша:

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық есептілігі коэффициенттерінің мәндері назарға алынсын.

"2019 жылғы төртінші тоқсандағы тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат туралы" мәселе бойынша:

2019 жылғы төртінші тоқсандағы Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат назарға алынсын.

"Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер бойынша комитетінің құрамы туралы" мәселе бойынша:

1. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің шешімін өзгерту мақсатында (2019 жылғы 17 шілдедегі сырттай дауыс берудің № 45 (с) хаттамасы) Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің сандық құрамы бес адам санында анықталсын.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап, Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер бойынша комитет мүшесі (сарапшысы) Медеу Едиля Ахметқалұлының, сондай-ақ ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын Говорухина Елена Игоревнаның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқталсын (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі ретінде).

3. Осы шешім қабылданған күннен бастап, Хаджиева Мария Жамаловна, ал ол болмаған жағдайда – Медеу Едиль Ахметқалұлы Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер бойынша комитет мүшесі болып сайлансын.

4. Осы шешім қабылданған күннен бастап, Кирмандаев Женис Жабаевич сарапшы ретінде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер бойынша комитет мүшесі болып сайлансын.