28.03.20
22:09

Уақытша Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламенті бекітілді

Отырысы 2020 жылғы 27 наурызда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен Уақытша Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламенті бекітілді (уақытша Регламент).

Уақытша Регламент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 88 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің "Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы" № 169 бірлескен бұйрығымен Орталық депозитарийдің жұмыс кестесінің 2020 жылғы 30 наурыздан бастап 5 сәуірге дейінгі кезеңде Алматы уақытымен сағат 09.00-ден бастап 15.00-ге дейін белгіленуіне байланысты әзірленді.

Жобада Орталық депозитарийдің операциялық күнінің уақытша шегін өзгерту мазмұндалған:

Уақытша Регламент 2020 жылғы 30 наурыздан бастап 3 сәуірге дейінгі кезеңде қолданысқа енгізіледі.

Уақытша Регламент мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Операциялық регламент] шағын бөлімінде жарияланды.