18.03.20
16:55

Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына түзетулер бекітілді

Сырттай дауыс беруі 2020 жылғы 13 наурызда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 2 өзгерістер мен толықтыру (түзетулер) бекітілді.

Қағидаға түзетулер репо операциялары бойынша өтемақы төлемін алып тастауды, нетто-операцияларды орталық контрагенттің қатысуынсыз тіркеген кезде ақша аударымының тәртібін алып тастауды қарастырады, сондай-ақ редакциялық және нақтылаушы түзетулерден тұрады.

Аталған түзетулерді қолданысқа енгізу күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағида мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру] шағын бөлімінде жарияланды.