18.03.20
09:56

2020 жылғы 13 наурызда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 13 наурызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижесі бойынша мынадай шешімдер қабылданды.

"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 2 өзгерістер мен толықтыру туралы" мәселе бойынша:

1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 2 өзгерістер мен толықтыру ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 2 өзгерістер мен толықтыру оны бекіткен күннен бастап 15 күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша, алайда "Қазақстан қор биржасы" АҚ ресми хатында көзделген қор нарығы үшін ASTS+ сауда-саттық-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға қосқан күннен бері қолданысқа енгізілсін.

"Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 27 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша:

1. Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 27 өзгерістер мен толықтырулар ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 27 өзгерістер мен толықтырулар оны бекіткен күннен бастап 15 күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша, алайда "Қазақстан қор биржасы" АҚ ресми хатында көзделген қор нарығы үшін ASTS+ сауда-саттық-клирингтік жүйесінің екінші релизін өнеркәсіптік пайдалануға қосқан күннен бері қолданысқа енгізілсін.