22.01.20
09:51

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) Агенттік Төрағасының орынбасары Хаджиева Мария Жамаловнаны, ал ол болмаған жағдайда — Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Медеу Едил Ахметқалұлын «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесіндегі өзінің өкілі етіп тағайындады.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен Агенттік (уәкілетті орган) өкілі кіреді.

Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің құрамы Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [KACD туралы] бөлімінің [Директорлар кеңесі] шағын бөлімінде жарияланған.