06.01.20
17:50

Орталық депозитарий эмитенттерге инсайдерлер тізімін орналастырғаны туралы хабарлайды

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 56–1-бабының 6-тармағының талаптарын орындау мақсатында, өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай бағалы қағаздар эмитенттерінің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар Орталық депозитарий қызметкерлерінің тізімін "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес бағалы қағаздар эмитенттері және ақпарат беретін тұлғалар болып табылатын Орталық депозитарийдің тіркелген клиенттері үшін ғана қолжетімділік құқығымен "Клиенттерге арналған ақпарат" бөлімінде Орталық депозитарийдің https://portal.kacd.kz порталында орналастырғаны жайлы хабарлайды.

Өз кезегінде өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай бағалы қағаздар эмитенттерінің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар Орталық депозитарий қызметкерлерінің тізімі PDF-форматындағы есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен бастап оныншы күніне дейінгі кезеңде тоқсан сайын жаңартылатын болады.