06.01.20
09:35

Жаңа редакциядағы Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламенті бекітілді

Отырысы 2020 жылғы 5 қаңтарда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен Жаңа редакциядағы Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламенті (Регламент) бекітілді.

Регламент 2018 жылғы 12 желтоқсандағы Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Операциялық регламентке сәйкес әзірленді және келесіні қамтиды:

– Орталық депозитарийдің операциялық күнінің уақытша шегін өзгерту;

– жеке кабинеттерді пайдаланған кезде клиенттерден операциялық құжаттарды қабылдау бойынша шектеулерді алып тастау;

– жеке кабинеттерді пайдаланған кезде клиенттерге стандартты операциялық құжаттарды беру бойынша шектеулерді алып тастау.

Регламент 2020 жылғы 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Регламент мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Операциялық регламент] шағын бөлімінде жарияланды.