31.12.19
12:35

Талап етілмеген ақшаны есепке алу бойынша қызметті жүзеге асырған кезде пайдаланатын құжаттар нысанына № 1 толықтыру бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 30 желтоқсанда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен Талап етілмеген ақшаны есепке алу бойынша қызметті жүзеге асырған кезде пайдаланатын құжаттар нысанына № 1 толықтыру бекітілді (Нысан).

Нысанға толықтыруда "Талап етілмеген ақшаны есепке алу бойынша қызметті жүзеге асырған кезде пайдаланатын құжаттар нысаны" деген құжатта бар нысанды толтыру бойынша нұсқаулар бар.

Толықтыруға сәйкес жаңартылған нысандар 2019 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Талап етілмеген ақшаны есепке алу бойынша қызмет] шағын бөлімінде жарияланды.