31.12.19
12:33

Орталық депозитарийдің portal.kacd.kz порталын пайдалану туралы келісімге түзетулер бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 30 желтоқсанда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен Орталық депозитарийдің portal.kacd.kz порталын пайдалану туралы келісімге (Келісім) № 1 өзгерістер мен толықтыру бекітілді.

Келісімге № 1 өзгерістер мен толықтыру portal.kacd.kz порталы арқылы хабарлама алмасу кезінде интернет-пайдаланушылардың жауапкершілігін қарастырады, сондай-ақ редакциялық түзетулерді қамтиды.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Келісім 2019 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Клиенттерге] бөлімінің [Жалпы материалдар – Электронды құжат айналымының жүйелері] шағын бөлімінде жарияланды.