31.12.19
10:34

2019 жылғы 30 желтоқсанда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 30 желтоқсанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижесі бойынша мынадай шешім қабылданды.

"2019 жылдың тоғыз айындағы аудиторлық тексерулер нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсыныстарын енгізу мен кемшіліктерді жою бойынша есеп туралы" мәселе бойынша:

2019 жылдың тоғыз айындағы аудиторлық тексерулер нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсыныстарын енгізу мен кемшіліктерді жою бойынша есеп назарға алынсын.

"Бюджет саясатына № 9 өзгеріс туралы" мәселе бойынша:

1. Бюджет саясатына № 9 өзгеріс ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Бюджет саясатына № 9 өзгеріс осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

"Орталық депозитарийдің 2019 жылға арналған бюджетіне № 2 өзгерістер туралы" мәселе бойынша:

Орталық депозитарийдің 2019 жылға арналған бюджетіне № 2 өзгерістер ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.