30.12.19
16:24

Орталық депозитарий туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы ақпарат бар электронды хабарламаларды ФАСТИ тасымалдау жүйесі арқылы қабылдауды тоқтатады

Орталық депозитарий Сізді Орталық депозитарий қызметтеріне дистанциялық (қашықтықтан) қолжетімділік үшін жаңа сервистердің енгізілуіне байланысты 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық депозитарийдің ақпарат беретін тұлғалардың электронды хабарламаларын қабылдау мен өңдеуді ФАСТИ ақпаратын тасымалдау жүйесі арқылы, оның ішінде "Ақпарат беретін тұлға" АЖО бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы тоқтататынын хабарлайды.

Орталық депозитарий Орталық депозитарий мен ақпарат беретін тұлғалар арасындағы электронды құжаттар алмасуды Орталық депозитарийдің интернет-сайтындағы (https://portal.kacd.kz) "Ақпарат беретін тұлға" жеке кабинеті (бұдан әрі – Жеке кабинет) арқылы жүзеге асыратын болады.

Туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімінің жүйесіне арналған ақпаратты жеткізушілер үшін Орталық депозитарий қызметіне қолжетімділікті қайта бағдарлау туралы хабарлама-хат [Клиенттерге] бөлімінің [Ақпарат беретін тұлғаларға][Хабарламалар] шағын бөлімінде орналастырылған.