27.12.19
09:36

2019 жылғы 26 желтоқсанда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 26 желтоқсанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды.

"2019 жылғы тоғыз айға 2019 жылғы Ішкі аудит қызметін тексерулер жоспарын орындау жөніндегі есеп туралы" мәселе бойынша:

2019 жылғы тоғыз айға 2019 жылғы Ішкі аудит қызметін тексерулер жоспарын орындау жөніндегі есеп назарға алынсын.

"Жаңа редакциядағы аудит саласының картасы туралы. 2020 жылғы Ішкі аудит қызметін тексерулер жоспары туралы" мәселе бойынша:

1. Ұсынылған жобаға сәйкес жаңа редакциядағы аудит саласының картасы бекітілсін.

2. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы шешімнің 1-тармағына сәйкес жаңа редакцияда бекітілген аудит саласының картасы қолданысқа енгізілсін.

3. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген аудит саласының картасы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылсын (2019 жылғы 5 қарашадағы № 81 (с) сырттай дауыс беру хаттамасы).

4. Берілген жобаға сәйкес редакцияда 2020 жылғы Ішкі аудит қызметін тексерулер жоспары бекітілсін.