03.12.19
09:01

Орталық депозитарий эмитенттерді "Эмитент" ЖК-ға қосылуға шақырады

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) бағалы қағаздар эмитенттерін, пайлық инвестициялық компанияларды басқарушыларды мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді "Эмитент" жеке кабинетіне ("Эмитент" ЖК) қосылуға шақырады.

"Эмитент" ЖК Орталық депозитарийдің https://portal.kacd.kz. порталында орналасқан.

"Эмитент" ЖК-дан пайдаланушылар онлайн режимінде сұрату бойынша электронды құжат түрінде келесідей операциялық құжаттарды ала алады:

1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін (ISIN-ді көрсетумен — бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің бір түрін алу үшін немесе ISIN-ді көрсетпей — эмитенттің жай, сондай-ақ артықшылықты акцияларына ие акционерлер тізілімін алу үшін),

2) серіктестікке қатысушылар тізілімін;

3) жалпы жиналысты өткізу үшін акционерлер тізімін (ISIN талап етілмейді);

4) бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін ұстаушылар тізімін (тек бір ISIN бойынша);

5) бағалы қағаздарды өтеген кезде төлемді жүзеге асыру үшін ұстаушылар тізімін (тек бір ISIN бойынша);

6) ірі акционерлер туралы анықтаманы (ISIN талап етілмейді);

7) орналастырылған бағалы қағаздар жалпы санының _% және одан көбіне ие бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы анықтаманы (ISIN-ді көрсетумен – бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы анықтаманың бір түрін алу үшін немесе ISIN-ді көрсетпей – эмитенттің жай, сондай-ақ артықшылықты акцияларына ие акционерлер туралы анықтаманы алу үшін);

8) ЖШС ЖК _% және одан көбін құрайтын үлеске ие қатысушылар туралы анықтаманы.

Жоғарыда тізбеленген құжаттардың бекітілген нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы №249 Қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру қағидасында мазмұндалған талаптарға сәйкес келеді және Орталық депозитарий сайтында /ru/normative_base/actual/policy/registrar_depositary_activity/actual/ мекенжай бойынша орналастырылған.

"Эмитент" ЖК-дан сондай-ақ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың (серіктестікке қатысушылардың) барлық деректемелері көрсетілген бағалы қағаздарды ұстаушылар (серіктестікке қатысушылар) тізілімін алуға болады. Осы бағалы қағаздарды ұстаушылар (серіктестікке қатысушылар) тізілімі Excel ("Тізілім опциясы (өзгелер))" форматында.

"Эмитент" ЖК-да Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігінің көмегімен құрастырылған электронды цифрлық қолтаңбаны қолдау іске асырылған. "Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес заң талаптарына сәйкес келетін және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды құжат қағаз нұсқадағы қол қойылған құжатпен бірдей.

Осылайша жоғарыда көзделген есептік құжаттарды алу мақсатында оларды беруге бұйрықтарды/сұратуларды "Эмитент" ЖК арқылы жіберу қажет. Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағында және Операциялық құжаттарды қабылдау мен беру қағидасында қарастырылған талаптарға сәйкес электронды құжаттарды тапсырудың өзге әдістерінің қарастырылмағанын, оның ішінде "DOC.KACD" арқылы қарастырылмағанын сіздердің назарларыңызға саламыз.

Орталық депозитарий оларға төлем агенті қызметін көрсететін клиенттер де оларды "Эмитент" ЖК арқылы ала алады.

"Эмитент" ЖК-ға қосылу үшін Орталық депозитарий клиенті электронды құжаттар алмасу үшін өтінішті ЖК-әдісімен толтыруы тиіс (http://www.kacd.kz/ru/normative_base/actual/policy/accept_issue/actuall/) мекенжай бойынша орналасқан "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ мен оның клиенттерінің арасында Операциялық құжаттарды алмасу үшін өтініштер нысандары" құжатына 3-қосымша). Нысанды Өтініштер нысандарында (5-қосымша) мазмұндалған нұсқауларға сәйкес толтыру қажет.

Толтырылған өтініш нысанын Орталық депозитарий офистерінің біріне қағаз нұсқада түпнұсқа түрінде немесе "DOC.KACD" ЖК арқылы жіберу қажет (егер клиент бұрын Орталық депозитарийге "DOC.KACD" ЖК-ға қосылуға өтініш берсе).

Орталық депозитарий офистерінің мекенжайы Орталық депозитарий сайтында http://www.kacd.kz/ru/contacts/ мекенжайы бойынша орналасқан.