11.11.19
11:53

2019 жылғы 8 қарашада өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 8 қарашада Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижесі бойынша мынадай шешімдер қабылданды.

"Бюджеттік қағидаға № 11 өзгеріс туралы" мәселе бойынша:

Аталған өзгерістерді 2019 жылғы 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізумен ұсынылған жобаға сәйкес редакциядағы Бюджеттік қағидаға № 11 өзгеріс бекітілсін.

"Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 26 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша:

Осы шешімді қабылдаған күннен бастап 20 күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша аталған өзгерістер мен толықтыруларды қолданысқа енгізумен ұсынылған жобаға сәйкес редакциядағы Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 26 өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.