30.10.19
16:43

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ мен оның клиенттерінің арасында операциялық құжаттар алмасу үшін Өтініштер нысандарына түзетулер бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 25 қазанда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ мен оның клиенттерінің арасында операциялық құжаттар алмасу үшін Өтініштер нысандарына (бұдан әрі – Нысандар) № 3 өзгерістер бекітілді.

Нысандарға түзетулер Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 қарашадағы шешімімен бекітілген Операциялық құжаттарды қабылдау және беру қағидасына сәйкес енгізілді, оған мыналар кіреді:

1) 1-қосымша клиенттердің электрондық құжаттарды ЖК-әдісімен алмасуы үшін өтініш беруге дағдыландырылды;

2) 3-қосымшадағы өтінішті бастапқы немесе қайталама беру туралы, сондай-ақ жеке кабинетті пайдаланудан бас тарту туралы белгі әрбір жеке кабинетке қатысты қолданылды, ол арқылы клиент Орталық депозитариймен операциялық құжаттарды алмасады.

Түзетулер 2019 жылғы 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.