30.10.19
16:20

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын Операциялық құжаттар нысандарына түзетулер бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 25 қазанда өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын Операциялық құжаттар нысандарына (бұдан әрі – Нысандар) № 5 өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Нысандарға түзетулер Орталық депозитарий Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) сәйкес енгізілді және келесіні қамтиды:

1) "Қазақстан қор биржасы" АҚ жеке шотын және қосалқы шотын ашу үшін бұйрықтар нысаны;

2) "негізгі" және "KASE" бөлімдері арасында депоненттердің жеке шоттарындағы қосалқы шоттар бойынша құралдарды аударуды жүзеге асыру үшін бұйрықтар нысаны;

3) редакциялық түзетулер.

Түзетулер 2019 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6 және 7-тармақтарын қоспағанда, 2019 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.