08.10.19
11:05

2019 жылғы 25 қазаннан бастап Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру қағидасына түзетулер қолданысқа енгізіледі

2019 жылғы 25 қазаннан бастап сырттай дауыс беруі 2019 жылғы 4 қазанда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру қағидасына № 1 өзгерістер мен толықтыру (түзетулер) қолданысқа енгізіледі.

Қағидаға түзетулер Қағиданы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестікке келтіру үшін енгізілді.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағиданың мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтында [Нормативтік база] бөлімінің [Туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу] шағын бөлімінде жарияланды.