07.10.19
10:46

2019 жылғы 7 қарашада "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) өзінің акционерлеріне 2019 жылғы 7 қарашада Алматы уақытымен 11:00-де келесідей күн тәртібінде оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (Жиналыс) өтетіні туралы хабарлайды:

1) Орталық депозитарийдің 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы.

2) Директорлар кеңесі туралы Ережеге № 1 өзгерістер енгізу туралы.

3) Орталық депозитарий Директорлар кеңесінің мүшелері – тәуелсіз директорларына сыйақы беру және олардың шығындарын төлеу қағидасына № 2 түзетулер туралы.

Жиналыс Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28 мекенжайында (Орталық депозитарийдің конференц-залы, 2ші қабат) өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу Алматы уақытымен 10.30-да жүргізілетін болады.

Аталған Жиналысқа қатысуға құқығы бар Орталық депозитарий акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жасалды.

Жиналыста кворум болмаған жағдайда, Орталық депозитарий акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы сол уақытта Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28 мекенжайында (Орталық депозитарийдің конференц-залы, 2ші қабат) өткізіледі. Орталық депозитарий акционерлерінің қайталама жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2019 жылғы 8 қарашада Алматы уақытымен 10:30 бастап жүзеге асырылатын болады.

Жиналыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар Орталық депозитарий акционерлеріне Жиналыс өтетін күнге дейін 10 күн бұрын жіберіледі.

Анықтама үшін телефон: (727) 355 47 60 (ішкі 305).

Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама [KACD туралы] бөлімінің [Акционерлер үшін] шағын бөлімінде орналастырылады.