07.10.19
10:44

2019 жылғы 4 қазанда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 4 қазанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижесі бойынша мынадай шешімдер қабылданды.

"Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 25 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша

Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 25 өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

"Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) № 1 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша

Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) № 1 өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

"Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және күн тәртібін қалыптастыру туралы" мәселе бойынша

1. Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) шақырылсын және оның келесідей күн тәртібі бекітілсін:

1) "Орталық депозитарийдің 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы";

2) "Директорлар кеңесі туралы Ережеге № 1 өзгерістер енгізу туралы";

3) "Орталық депозитарий Директорлар кеңесінің мүшелері – тәуелсіз директорларына сыйақы беру және олардың шығындарын төлеу қағидасына № 2 түзетулер туралы".

2. Жиналыс 2019 жылғы 7 қарашада Орталық депозитарийдің конференц-залында (Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28, 2ші қабат) Алматы уақытымен 11.00 бастап өткізілсін, Жиналысқа қатысушыларды тіркеу оны өткізетін жерде Алматы уақытымен 10.30-да басталсын.

3. Жиналысқа қатысуға құқығы бар Орталық депозитарий акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 1 қазанда Алматы уақытымен 00.00 жағдай бойынша жасалсын.

4. Кворум болмаған жағдайда, қайталама Жиналыстың осындай жиналысқа қатысушыларды ол өткізілетін жерде Алматы уақытымен 10:30-да тіркеуді бастаумен жоғарыда көзделген мекенжай бойынша 2019 жылғы 8 қарашада Алматы уақытымен 11.00-де өткізілетіні белгіленсін.

"Туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру қағидасына № 1 өзгерістер мен толықтыру туралы" мәселе бойынша

1. Туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру қағидасына № 1 өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру қағидасына № 1 өзгерістер мен толықтыру осы шешім қабылданған күннен бастап 20 күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша қолданысқа енгізілсін.

"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 1 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 1 өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

"Орталық депозитарийдің 2020 жылға арналған бюджеті туралы" мәселе бойынша

1. Орталық депозитарийдің 2020 жылға арналған бюджеті бекітілсін.

2. 2020–2021 жылдар кезеңіне арналған ауыспалы шығындар бюджеті бекітілсін.

"Орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәміле жасау туралы, атап айтқанда "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен корреспонденттік шот шартын жасау туралы" мәселе бойынша

Орталық депозитарийге "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен (Орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен) мәміле жасауға, атап айтқанда төмендегідей негізгі шартпен корреспонденттік шот шартын (бұдан әрі – шарт) жасауға рұқсат етілсін:

1) шарттың мәні – Орталық депозитарийдің "Қазақстан қор биржасы" АҚ мультивалюталық корреспонденттік шотын ашу, жүргізу және жабу бойынша қызмет көрсетуі;

2) қызметті төлеу тәртібі – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Орталық депозитарийдің "Тарифтер мен алымдар туралы ереже" ішкі құжатында белгіленген тәртіп пен мерзімде Орталық депозитарий қызметін төлейді және шығындарын өтейді.