27.09.19
17:33

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланатын Операциялық құжаттар нысандарына түзетулер бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 18 қыркүйекте өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Оралық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланатын Операциялық құжаттар нысандарына (бұдан әрі – Нысандар) № 4 өзгерістер мен толықтырулар түзетулер бекітілді.

Нысандарға түзетулер Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Депозитарлық және тіркеу қызметін жүзеге асыру қағидасына (жалпы бөлім) сәйкес енгізілді, оған мыналар кіреді:

1) қаржы құралын депозитарлық қызмет көрсетуге қабылдау өтінішінің нысанына өзгерістер;

2) ЖШС қатысушылар тізімін "Жеке шот нөмірі" графасымен толықтыру;

3) редакциялық түзетулер.

Түзетулер 2019 жылғы 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулер сәйкес жаңартылған нысандар Орталық депозитарийдің интернет-сайтында [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде жарияланды.