11.09.19
09:00

Резервтеу жүйесінің ленталық жинақтағыштары

1. Тапсырыс беруші мен Сатып алуды ұйымдастырушы: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық мекенжайы: Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

2. Сатып алынатын тауарлардың атауы: Резервтеу жүйесінің ленталық жинақтағыштары.

3. Сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома: 1 983 300 (бір миллион тоғыз жүз сексен үш мың үш жүз) теңге 00 тиын.

4. Тауарлардың саны (көлемі) : 110 (жүз он) дана.

5. Тауарларды жеткізу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28

6. Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімдері: Шарт күшіне енген күннен бастап 35 (отыз бес) күнтізбелік күн ішінде.

7. Техникалық ерекшелігі: Сатып алу туралы шарт жобасында.

8. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігі: Әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелікті ұсынуы міндетті.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімдері: – Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

Баға ұсыныстарын берудің басталу және аяқталу мерзімі 2019 жылғы "11" қыркүйек сағат 09:00-ден бастап 2019 жылғы "17" қыркүйектегі 18:00 cағатқа дейін.

10. Баға ұсыныстарын ашудың орны мен уақыты (күні): Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша 2019 жылғы "18" қыркүйек 10 сағат 00 минут.

11. Қолайлы шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы: хабарландыру жобасына қоса беріледі.

12. Өзге ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруға қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізуші қызмет ету саласында айналысуға құқықтық қабілеттілігін растайтын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттарды (хабарламаларды) алумен байланысты құжатарды ұсынуы тиіс (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жататын болса, онда талап етіледі).

2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беттік жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде әлеуетті жеткізушінің басшысынан басқа, сатып алу бойынша әлеуетті жеткізушінің мүддесін ұсыну құқығымен өзінің атына берілген сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі өткізілетін сатып алу талаптарымен және сатып алу туралы шарт жобасымен (бар болса) көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

5. Өткізілген сатып алулар қорытындысы Орталық депозитарийдің http://www.kacd.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

6. Сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлға үшін:

· заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· тұлғаның сатып алулар туралы шартқа қол қою өкілеттігін білдіретін құжат (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат);

· қызметті жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

Жеке кәсіпкер үшін:

· жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· жеке куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі) .

7. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді – тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні.

10.09.201917:42

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру (64 KB)