27.08.19
17:56

Орталық депозитарийдің portal.kacd.kz порталын пайдалану туралы келісім бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 15 тамызда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен Орталық депозитарийдің portal.kacd.kz порталын пайдалану туралы келісім (Келісім) бекітілді.

Келісім Орталық депозитарийдің portal.kacd.kz порталы арқылы қызметін алған кезде Орталық депозитарий мен Интернет желісін пайдаланушылар арасында өзара іс-әрекет ету шарты мен тәртібін анықтайды.

Келісім 2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Клиенттерге] бөлімінің [Жалпы материалдар] – [ Электронды құжат айналымы жүйесі] шағын бөлімінде жарияланды.