27.08.19
17:53

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ және оның клиенттері арасында операциялық құжаттарды айырбастау үшін өтініштер нысанына түзетулер бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 15 тамызда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ және оның клиенттері арасында операциялық құжаттарды айырбастау үшін өтініштер нысанына (Нысандар) № 2 толықтыру бекітілді.

Нысанға түзетулер "Ұстаушы" жеке кабинетін пайдалануға енгізумен байланысты енгізілді және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ және оның клиенттері арасында операциялық құжаттарды айырбастау үшін өтініштер нысанына 3-қосымшаға "Ұстаушы" жеке кабинеті туралы мәліметтерді толықтыру ретінде енгізді.

Түзетулер 2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған нысандар Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Операциялық құжаттарды қабылдау және беру] шағын бөлімінде жарияланды.