27.08.19
17:50

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын Құжаттар нысанына түзетулер бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 15 тамызда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын құжаттар нысанына (Нысандар) № 1 өзгерістер бекітілді.

Нысанға түзетулер "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына сәйкес енгізілді (2019 жылғы 14 маусымдағы сырттай дауыс берудің № 44 (с) хаттамасы) және өзіне келісіні қамтиды:

1) банк шоттарын ашу, деректемелерін өзгерту немесе жабу өтініштер нысанына өзгерістер;

2) күтілетін ақша түсімі туралы хабарлама нысанына өзгерістер;

3) редакциялық түзетулер.

Түзетулер 2019 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған нысандар Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру] шағын бөлімінде жарияланды.