19.08.19
16:01

2019 жылғы 15 тамызда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 15 тамызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды.

"Орталық депозитарийдің қауымдастырылған мүше ретінде Еуропалық орталық депозитарийлер қауымдастығына ену қажеттілігі туралы" мәселе бойынша:

Орталық депозитарий Басқармасына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастапОрталық депозитарийдің қауымдастырылған мүше ретінде Еуропалық орталық депозитарийлер қауымдастығына енуі бойынша жұмысты жүргізсін.

"2019 жылғы негізгі жұмыстар жоспарына № 3 түзетулер туралы" мәселе бойынша:

Бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа осы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2019 жылғы негізгі жұмыстар жоспарына № 3 өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.