19.08.19
16:00

2019 жылғы 14 тамызда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 14 тамызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды.

"Директорлар кеңесінің комиттері туралы ережеге № 7 түзетулер туралы" мәселе бойынша:

1. Директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережеге № 7 өзгерістер бекітілсін.

2. Бекітілген күннен кейін бірінші жұмыс күнінен бастап Директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережеге № 7 өзгерістер қолданысқа енгізілсін.

"Корпоративтік хатшы туралы ережеге № 3 түзетулер туралы" мәселе бойынша:

1. Корпоративтік хатшы туралы ережеге № 3 өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

2. Бекітілген күннен кейін бірінші жұмыс күнінен бастап Корпоративтік хатшы туралы ережеге № 3 өзгерістер мен толықтыру қолданысқа енгізілсін.

"Директорлар кеңесі туралы ережеге № 1 түзетулер туралы" мәселе бойынша:

Орталық депозитарий акционерлерінің жалпы жиналысына Директорлар кеңесі туралы ережеге № 1 толықтырулар мен өзгеріс бекіту ұсынылсын.

"Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпаратты жариялау қағидасына № 1 түзетулер туралы" мәселе бойынша

1. "Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпаратты жариялау қағидасына № 1 өзгерістер бекітілсін.

2. Бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпаратты жариялау қағидасына № 1 өзгерістер қолданысқа енгізілсін.

"Сырттай дауыс беру бойынша Директорлар кеңесінің регламентіне № 1 түзетулер туралы" мәселе бойынша:

1. Сырттай дауыс беру бойынша Директорлар кеңесінің регламентіне № 1 өзгерістер бекітілсін.

2. Бекітілген күннен кейін бірінші жұмыс күнінен бастап сырттай дауыс беру бойынша Директорлар кеңесінің регламентіне № 1 өзгерістер қолданысқа енгізілсін.

"Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің регламентіне № 1 түзетулер туралы" мәселе бойынша:

1. Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің регламентіне № 1 өзгерістер бекітілсін.

2. Бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің регламентіне № 1 өзгерістер қолданысқа енгізілсін.

"2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы 2019 жылғы негізгі жұмыстар жоспарын орындау туралы есеп туралы" мәселе бойынша:

1. 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы 2019 жылғы негізгі жұмыстар жоспарын орындау туралы есеп назарға қабылдансын.

2. 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы (Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің шешімдеріне сәйкес) қосымша жұмыстар жоспарын орындау туралы есеп назарға қабылдансын.