13.08.19
11:43

2019 жылғы 13 тамызда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 13 тамызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды.

"Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырампаздығын талдау нәтижелері бойынша қорытынды және 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат туралы" мәселе бойынша:

"Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырампаздығын талдау нәтижелері бойынша қорытынды және 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат назарға алынсын.

"2018 жылғы Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау туралы есеп жөнінде" мәселе бойынша:

2018 жылғы Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау туралы есебі назарға алынсын.

"2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы 2019 жылғы Орталық депозитарийдің бюджетін орындау туралы есеп туралы" мәселе бойынша:

2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы 2019 жылғы Орталық депозитарийдің бюджетін орындау туралы есебі назарға алынсын.

"2019 жылғы екінші тоқсанда тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат туралы" мәселе бойынша:

2019 жылғы екінші тоқсанда Орталық депозитарийдің тәуекелдерін басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат назарға алсынсын.

"Қызметтің басым бағыттарына қатысты тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыру қағидасына № 1 түзетулер туралы" мәселе бойынша

1. Қызметтің басым бағыттарына қатысты тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыру қағидасына № 1 өзгерістер бекітілсін.

2. Бекітілген күннен кейін бірінші жұмыс күні Қызметтің басым бағыттарына қатысты тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыру қағидасына № 1 өзгерістер қолданысқа енгізілсін.