23.07.19
17:38

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-мен іскерлік қатынастар орнату және қолдау үшін құжаттар нысандарына түзетулер бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 4 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-мен іскерлік қатынастар орнату және қолдау үшін құжаттар нысандарына (Нысан) № 2 өзгерістер бекітілді.

Нысанға түзетулер Орталық депозитарийдің дербес деректерді трансшекаралық беруге клиенттер келісімін алуға, Орталық депозитарий клиенттерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында қажетті құжаттарды тапсыру міндетін растауға, сондай-ақ Орталық депозитарий клиентінен маңызды мәліметтердің өзгергені туралы хабарлама алуға қатысты енгізілді.

Түзетулер 2019 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған нысандар Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау мен тоқтату] шағын бөлімінде жарияланды.