18.07.19
10:13

2019 жылғы 7 тамыздан бастап Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Тарифтер мен алымдар туралы ережесіне түзетулер қолданысқа енгізіледі

2019 жылғы 7 тамыздан бастап Тарифтер мен алымдар туралы ережеге (Ереже) сырттай дауыс беруі 2019 жылғы 17 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген сақтауға талап етілмеген ақшаны Орталық депозитарийдің қабылдауы бойынша, қолданысы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралатын түзетулердің 5-тармағын қоспағанда, № 23 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) қолданысқа енгізіледі.

Ережеге түзетулер өзекті деректемелер туралы мәліметтер жоқ көптеген акционерлердің сақтауға талап етілмеген ақшасын қабылдайтын тарифтің мөлшерлемесін кемітуді көздейді.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Ереженің мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтында [Нормативтік база] бөлімінің [Тарифтер мен алымдар] шағын бөлімінде жарияланды.