17.07.19
10:43

Тарифтер мен алымдар туралы ережеге түзетулер бекітілді

Сырттай дауыс беруі 2019 жылғы 17 шілдеде өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Тарифтер мен алымдар туралы ережеге (Ереже) № 23 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Ережеге түзетулер өзекті деректемелер туралы мәліметтері жоқ көптеген акционерлердің сақтауға талап етілмеген ақшасын қабылдайтын тарифтің мөлшерлемесін кемітуді көздейді.

Түзетулер 2019 жылғы 1 шілдеден бастап сақтауға талап етілмеген ақшаны қабылдау бойынша эмитентпен немесе Орталық депозитариймен мажоритарлық акционер арасында туындаған қатынастарға таралатын түзетулердің 5-тармағын қоспағанда, 2019 жылғы 7 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Ереже Орталық депозитарийдің интернет-сайтында [Нормативтік база] бөлімінің [Тарифтер мен алымдар] шағын бөлімінде кейін жарияланады.