17.07.19
10:42

2019 жылғы 17 шілдеде өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 17 шілдеде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды:

"Тарифтер мен алымдар туралы ережеге № 23 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша

1. Тарифтер мен алымдар туралы ережеге № 23 өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Орталық депозитарийдің сақтауға талап етілмеген ақшаны қабылдауы бойынша 2019 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданысы таралатын, көрсетілген өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағын қоспағанда, бекітілген күннен бастап 20 күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша Тарифтер мен алымдар туралы ережеге № 23 өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілсін.