16.07.19
09:00

Орталық депозитарийдің құрылған күнінің құрметіне мерекелік шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызметтер

1. Тапсырыс беруші мен Сатып алуды ұйымдастырушы: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық мекенжайы: Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

2. Сатып алынатын қызметтердің атауы: Орталық депозитарийдің құрылған күнінің құрметіне мерекелік шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызметтер.

3. Сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу үшін бөлінген сома: 2 750 000 (екі миллион жеті жүз елу мың) теңге 00 тиын, ҚҚС-ті қоспағанда.

4. Қызмет саны (көлемі) : Бір қызмет.

5. Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық немесе Медеу ауданы.

6. Қызмет көрсету талап етілетін мерзімдері: Сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап, 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін қоса алғанда.

7. Техникалық ерекшелігі: Сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.

8. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелігі: Әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекшелікті ұсынуы міндетті.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны мен мерзімдері: – Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

Баға ұсыныстарын берудің басталу және аяқталу мерзімі 2019 жылғы "16" шілде сағат 09:00-ден бастап 2019 жылғы "22" шілдедегі 18:00 cағатқа дейін.

10. Баға ұсыныстарын ашудың орны мен уақыты (күні): Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша 2019 жылғы "23" шілде 10 сағат 00 минут.

11. Қолайлы шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы: хабарландыру жобасына қоса беріледі (сатып алуды өткізу туралы хабарландыруға №2 қосымшада).

12. Өзге ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруға қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді. Баға ұсынысына әлеуетті жеткізуші қызмет ету саласында айналысуға құқықтық қабілеттілігін растайтын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттарды (хабарламаларды) алумен байланысты құжатарды ұсынуы тиіс (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жататын болса, онда талап етіледі).

2. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің беттік жағында мыналарды:

1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;

3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде әлеуетті жеткізушінің басшысынан басқа, сатып алу бойынша әлеуетті жеткізушінің мүддесін ұсыну құқығымен өзінің атына берілген сенімхат, жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі өткізілетін сатып алу талаптарымен және сатып алу туралы шарт жобасымен (бар болса) көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

5. Өткізілген сатып алулар қорытындысы Орталық депозитарийдің http://www.kacd.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

6. Сатып алу туралы шартқа қол қойған кезде жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлға үшін:

· заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· тұлғаның сатып алулар туралы шартқа қол қою өкілеттігін білдіретін құжат (бұйрық, шешім, хаттама, сенімхат);

· қызметті жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі).

Жеке кәсіпкер үшін:

· жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

· банктен анықтама не жеткізушінің банктік шотының толық деректемелері көрсетілген хат;

· жеке куәлік;

· қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер әлеуетті жеткізуші сатып алынатын қызметтер, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші болса);

· қызметтерді жүзеге асыруға лицензия (егер сатып алынатын тауарлар лицензиялауға жатқанда көрсетіледі) .

7. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді – тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарт жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні.

15.07.201913:35

Орталық депозитарийдің құрылған күнінің құрметіне мерекелік шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызметтерОрталық депозитарийдің құрылған күнінің құрметіне мерекелік шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызметтер (68 KB)