28.06.19
16:19

Орталық депозитарий депонент клиентінің банктік шотына ақшаны аудару мүмкіндігі туралы хабарлайды

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына өзгерістер мен толықтырулар 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілумен байланысты ақша аударымдарының келесі түрлерінің қосымша мүмкін болатыны жайлы хабарлайды:

1) "меншікті ағымдағы шоттан" немесе "меншікті корреспонденттік шоттан" басқа банкте ашылған депоненттің банктің шотына;

2) "клиенттік ағымдағы шоттан" немесе "клиенттік корреспонденттік шоттан" басқа банкте ашылған депонент клиентінің банктің шотына;

3) "меншікті ағымдағы шоттан", "меншікті корреспонденттік шоттан", "клиенттік ағымдағы шоттан" немесе "клиенттік корреспонденттік шоттан" Биржаның корреспонденттік шотына және кері;

4) Биржаның корреспонденттік шотынан Орталық депозитарийде ашылған депоненттің кез келген банктік шотына;

5) Биржаның корреспонденттік шотынан депоненттің банктік шотына немесе басқа банкте ашылған оның клиентіне.

Депоненттің меншікті банктік шоттарына және басқа банктерде ашылған депонент клиенттерінің меншікті шоттарына депоненттің банктік шоттарынан ұлттық валютада ақшаны аудару мүмкіндігі үшін депонент Орталық депозитарийге Орталық депозитарийде қосалқы шотты ашуға, деректемелерін өзгертуге немесе жабуға бұйрықты береді. Орталық депозитарийде қосалқы шотты ашуға, деректемелерін өзгертуге немесе жабуға берілген бұйрықта депонент "депоненттің немесе басқа банктерге оның клиентінің ақшасын аудару үшін банктік деректемелер" туралы ақпаратты көрсетеді.

Басқа банктерде ашылған және оның клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу үшін депоненттің банктік шоттарына депоненттің банктік шоттарынан ұлттық валютада ақшаны аудару мүмкіндігі үшін депонент Орталық депозитарийге қағаз тасымалдағышта еркін нысанда жасалған хатты жасау арқылы осындай шоттардың тізбесі мен деректемелерін ұсынады. Қағаз тасымалдағышта берілген хатқа қол қою үлгілері Орталық депозитарийдегі осы депоненттің қол қою үлгілері мен мөр бедері бар карточкасына енгізілген депонент қызметкерлері қол қоюы, сондай-ақ мөр бедері аталған құжатта бар депонент мөрімен куәландырылуы тиіс.

Басқа банктерде ашылған депонент клиенттерінің меншікті шоттарына және депоненттің банктік шоттарына депоненттің банктік шоттарынан шетел валютасында ақшаны аудару мүмкіндігі үшін депонент Орталық депозитарийге қағаз тасымалдағышта еркін нысанда жасалған хатты жасау арқылы осындай шоттар тізбесі мен деректемесін ұсынады. Қағаз тасымалдағышта берілген хатқа қол қою үлгілері Орталық депозитарийдегі осы депоненттің қол қою үлгілері мен мөр бедері бар карточкасына енгізілген депонент қызметкерлері қол қоюы, сондай-ақ мөр бедері аталған құжатта бар депонент мөрімен куәландырылуы тиіс.

Өзгерістерге және толықтыруларға сәйкес жаңартылған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасының мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Банк операцияларыеың жекелеген түрлерін жүзеге асыру] шағын бөлімінде /download/policy4/bank_rules. (2019.07.01).ru.pdf. мекенжай бойынша жарияланды.