25.06.19
17:26

Талап етілмеген ақшаны есепке алу бойынша қызметті жүзеге асырған кезде пайдаланатын құжаттар нысаны бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 24 маусымда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен Талап етілмеген ақшаны есепке алу бойынша қызметті жүзеге асырған кезде пайдаланатын құжаттар нысаны бекітілді (Нысандар).

Нысандар 2019 жылғы 14 маусымдағы Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Талап етілмеген ақшаны есепке алу бойынша қызметті көрсету қағидасына сәйкес әзірленді.

Нысандар 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Нысандар Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Талап етілмеген ақшаны есепке алу бойынша қызмет] шағын бөлімінде жарияланды.