25.06.19
11:00

Тендер шартымен тендер өткізу туралы хабарландыру

Желілік қондырғылардың резрвтік жиынтығы

Сатып алуды ұйымдастырушы — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық және электронды мекенжайы: Самал-1 ы/а, 28, келесідей тауарды сатып алу бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды: Желілік қондырғылардың резрвтік жиынтығы.

Тендер шарты:

1. Тауарды сатып алу бойынша аталған тендер (лот) үшін бөлінген сомасы көрсетілген тауар саны бір жиынтыққа ҚҚС-ті есептемегенде, 21 160 714 (жиырма бір миллион бір жүз алпыс мың жеті жүз он төрт) теңге 28 тиынды құрайды.

2. Әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауардың техникалық ерекшелігі және олардың мәнінің шамасы (болған кезде) (3 (үш) парақ).

3. Маңызды шарттары көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы (11 (он бір) парақ) (Осы хабарландыруға № 2 қосымша).

4. Тауар Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал -1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша жеткізіледі, сатып алу көлемі – бір жиынтық.

5. Тауар жеткізідің талап етілетін мерзімі: Сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап 65 (алпыс бес) күнтізбелік күні.

Тендерлік өтінімдерді сатып алуды ұйымдастырушыға әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері әдейілеп немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кабинеті мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалану арқылы береді (жібереді).

6. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі 11 сағат 00 минутқа дейін, күні 2019 жылғы 9 шілде, тендерлік өтінімдерді тапсыру орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

7. Тендерлік өтінімдер Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайында Орталық депозитарийдің Вице-президентінің кабинетінде 2019 жылғы
9 шілдеде 12 сағат 00 минутта ашылады.

8. Тендер шартын түсіндіру қажеттігі кезінде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы
3 шілде 11 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұратумен өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілер сұратуды сатып алуды ұйымдастырушының келесідей деректемесіне жіберулері қажет: Тел: 262–08–46 (ішкі 351), электрондық почта мекенжайы: ; почталық (заңды) мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

9. Орталық депозитарий сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тендер шартының түсіндірме мәтінін Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына жариялайды;

2) тендер шартының түсіндірме мәтінін электрондық почта бойынша сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен тендер шартына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге жібереді.

10. Орталық депозитарий 2019 жылғы 5 шілдеде 11 сағат 00 минутта жеке бастама бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мәтінді Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына орналастырады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі кемінде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға тілек білдірген әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде Қағиданың 50 және/немесе 53-тармағында[1] қарастырылған құжаттарды тапсырады.

http://www.kacd.kz.

Тендерлік өтінімді Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде тендерге бөлінген сомадан 1% (бір процент) мөлшерінде немесе Орталық депозитарийдің банктік шотына төмендегідей деректемелер бойынша енгізілетін кепілдік ақша жарнасы жолымен қамтамасыз ету:

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ

БСН 970740000154

050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй

ЖСК: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ банкісінде KZ706010131000043597

БСК HSBKKZKX

КБе 15

Қосымша ақпаратты мынадай телефоннан алуға болады:

8 (727) 262–08–46 (вн. 351).

Тендерлік комиссия хатшысы: Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығының орынбасары Озбаканов Арнур Мамбетович, тел: 262–08–46 (ішкі нөмір 351).

Қосымшалар:

1) № 1 қосымша – техникалық ерекшелік 3 (үш) парақ;

2) № 2 қосымша – сатып алу туралы шарттың жобасы 11 (он бір) парақ.


[1]Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.

25.06.201912:15

Желілік қондырғылардың резрвтік жиынтығыЖелілік қондырғылардың резрвтік жиынтығы (2.3 MB)