25.06.19
11:40

Орталық депозитарий 2019 жылғы 1 шілдеден бастап Орталық депозитарийдің үшінші тұлғалар қызметін төлеу жөніндегі кепілдемелік хаттарды қабылдамайтыны туралы хабарлайды

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап Орталық депозитарийдің клиенттеріне көрсетілетін үшінші тұлғалар қызметін төлеу бойынша кепілдемелік хаттарды қабылдамайтыны туралы хабарлайды. Сондай-ақ 2019 жылғы 1 шілдеден бастап аталған шешім бұрын берілген кепілдемелік хаттардың күшін жояды.

Тарифтер мен алымдар туралы ереженің 4-бабының 2-тармағына сәйкес Орталық депозитарий төлеушілердің өзінің тарифтері мен алымдарын келесідей төлеу әдістерін пайдаланады:

1) алдын ала төлеу әдісін;

2) кейіннен төлеу әдісін.

Бұл ретте осы баптың 3-тармағында алдын ала төлеу әдісін пайдаланған кезде Орталық депозитарий қызметінің тарифі (алымы) оны көрсеткенге дейін төленетіні қарастырылған.

4-баптың 5-тармағына сәйкес Орталық депозитарий кейіннен төлеу әдісін тарифті және/немесе алымды төлеу тек осы тарифті және/немесе алымды төлеуші эмитент, басқарушы компания немесе серіктестік (оның ішінде бағалы қағаздарды ұстаушы немесе басқа серіктестікке қатысушы ретінде) болған жағдайда ғана пайдаланады. Барлық өзге жағдайда Орталық депозитарий тарифті және/немесе алымды алдын ала төлеу әдісін пайдаланады.