30.01.19
09:48

2019 жылғы 30 қаңтарда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

2019 жылғы 30 қаңтарда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Орталық депозитарий Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені, онда мынадай шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.

"Айрықша қатынастарда Орталық депозитариймен байланысты тұлғамен мәміле жасау туралы, атап айтқанда Алматы облысындағы резервтік орталыққа орналастыру үшін офистік үй-жайды жалдау бойынша қызметті сатып алу туралы "РТРС" ЖШС-мен шарт жасау туралы" мәселе бойынша:

Орталық депозитарийге "РТРС" ЖШС-мен (айрықша қатынастарда Орталық депозитариймен байланысты тұлғамен) мәміле жасауға, атап айтқанда "РТРС" ЖШС-ге қандай да бір жеңілдік шарттарын берусіз Алматы облысындағы резервтік орталыққа орналастыру үшін офистік үй-жайды жалдау бойынша қызметті сатып алу туралы шарт жасауға рұқсат етілсін.