29.01.19
16:57

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-мен іскерлік қатынастарды белгілеу үшін құжаттар нысанына түзетулер бекітілді

Отырысы 2019 жылы 23 қаңтарда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-мен іскерлік қатынастарды белгілеу үшін құжаттар нысанына (Нысандар) № 1 толықтыру (түзету) бекітілді.

Нысанға түзетулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталмаған мерзімге шарт жасауға құқығы жоқ клиенттермен іскерлік қатынастарды белгілеу қажеттілігіне байланысты енгізілді.

Түзету бекітілген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған нысандар Орталық депозитарийдің интернет-сайтында [Нормативтік база] бөлімінде жарияланды.