Қазақша
Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 ж. 21:1301

Қызметтер

Бағалы қағаздарды номиналды ұстау

Орталық депозитарий бағалы қағаздарды басқа номиналды ұстаушыларға, соның ішінде шетел депозитарийлері мен кастодиандарға номиналды ұстау қызметтерін көрсетеді.

Сонымен қатар Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті депозитарийі болып табылады.

Банк шоттарын ашу мен жүргізу

Орталық депозитарий қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу, сыйақы мен өтелетін негізгі соманы төлеу, Орталық депозитарийдің Ережелер жинағымен анықталған басқа жағдайларда ақша аудару үшін банк шоттарын ашу мен жүргізу қызметтерін көрсетеді.

Орталық депозитарий сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың төлем агенті болып табылады.

Орталық депозитарий басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарды өтеу және сыйақы төлеу барысында бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақша аудару қызметін көрсетеді.

Бағалы қағаздарға халықаралық сәйкестендіргіштерді беру

Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы бойынша ұлттық нөмірлеу агенттігі болып табылады және 2010 жылғы 1 қарашадан бастап Орталық депозитарийдің Ережелер жинағымен айқындалған тәртіппен және ISO 6166 "Securities and related financial instruments – International securities identification numbering system (ISIN) ", ISO 10962 "Securities and related financial instruments – Classification of Financial Instruments (CFI code) " халықаралық стандарттарға сәйкес бағалы қағаздарға халықаралық сәйкестендіргіштерді (ISIN және CFI кодтары) береді.

Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеу агенттігін алмастыратын функцияларды "Ұлттық есеп айырысу депозитарийі" ЖАҚ (Ресей Федерациясы) банктік емес кредиттік ұйымы орындайды. Ұлттық нөмірлеу агенттіктері қауымдастығының (ҰНАҚ) нормативтік құжаттарына сәйкес Орталық депозитарийге ұлттық нөмірлеу агенттігі функцияларының барлық кешенін орындау мүмкін болмағанда, аталған функциялар оны алмастыратын нөмірлеу агенттігіне берілуі мүмкін.

ҰНАҚ-пен жасалған 2009 жылғы 6 қарашадағы № 5 серіктестік келісім негізінде 2009 жылғы 6 қарашадан бастап Орталық депозитарий ҰНАҚ-тың серіктесі болып табылады. 2011 жылғы 9 желтоқсанда өткен ҰНАҚ-тың кезектен тыс жалпы жиналысында Орталық депозитарий ҰНАҚ–тың толық құқылы мүшелігіне қабылданған болатын.

Төлем агенті

Орталық депозитарий эмитенттерге Орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша төлем агенті қызметін ұсынады.

Төлем агенті ретінде Орталық депозитарийдің қызметін пайдалану мынадай артықшылықтарды береді:

1) эмитентке қысқа мерзімде төлемдердің үлкен бөлігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

2) делдалдар (тіркеуші, өзге төлем агенті және т. б.) болмағандықтан, төлемдерді алушылар туралы деректерді бұрмалау барынша жоққа шығарылады, себебі Орталық депозитарий Орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздар бойынша сыйақыны алушылар туралы ақпараттың бірінші дереккөзі болып табылады;

3) Орталық депозитарийдің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы осы операцияларды жүргізу есебінен бағалы қағаздар бойынша сыйақыны алушылардың тізімін қалыптастыруға және беруге жұмсалатын уақытша шығындар қысқартылады.

Орталық депозитарийдің төлем агентін тағайындау үшін эмитент бағалы қағаздар шығару проспектісіне тиісті өзгерістер енгізіп, оларды уәкілетті органда бекітуі қажет.

Орталық депозитарийдің эмитентке төлем агенті функцияларын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсету тәртібі 2013 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілген және Орталық депозитарийдің Ережелер жинағының ажырамас бөлігі болып табылатын Төлем агенті қызметін көрсету ережесімен анықталған. Көзделген ереженің мәтіні Орталық депозитарийдің ресми Интернет-сайтының (www.kacd.kz) "Нормативтік база" бөлімінде жарияланған.

Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:

– төлем агенті қызметін көрсету туралы шартты жасау рәсімі бойынша – Заң бөлімі, тел.: 262 08 46, ішкі нөмір 420;

– ақша аударымын жүргізу технологиясы бойынша – Есеп айырысу палатасы, тел.: 262–08–46, ішкі нөмір 410;

– бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімдерін беру және қалыптастыру бойынша эмитентпен өзара іс-әрекет жасау жөнінде – Корпоративтік істер бөлімі, тел.: 355–47–60, ішкі нөмір 430, 433;

– техникалық қолдау бойынша – Ақпараттық жүйелерді жетілдіру бөлімі, тел.: 262–08–46, ішкі нөмір 380.

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу