"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы
ШАТАНОВ АЛАН АЛТАЙҰЛЫ 1972 жылы Жамбыл қаласында туған.
Білімі
1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Алматы қаласы) "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірді, мамандығы — экономист. 1998 жылы "Әділет" Жоғарғы заң мектебін (Алматы қаласы) "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді, мамандығы — заңгер. 2004 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (Алматы қаласы) "Қаржы және бухгалтерлік есеп" мамандығы бойынша бітірді, мамандығы — бизнесті басқарудың магистрі. 2009 жылы Бостон университетін (Бостон қаласы, Массачусетс штаты, АҚШ) "Қаржы экономикасы" мамандығы бойынша бітірген, мамандығы — ғылым магистрі.
Жұмыс тәжірибесі
1993–1994 — Мемлекеттік қаржыны бақылау комитеті (Жамбыл қаласы), Қаржы-кредит мекемелерін, салық және сақтандыру органдарына ревизия жасау бөлімінің аға бақылаушы-ревизоры.
1994–1996 — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Жамбыл қаласы):
1996–1998 — "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" ЖАҚ (Тараз қаласы):
1998–2000 — "Банк ЦентрКредит" ААҚ (Тараз қаласы), бэк-офисті басқарушы.
2000–2010 — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Алматы қаласы):
2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ, Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы.
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары
ГРИШКО МИХАИЛ ВАЛЕРЬЕВИЧ 1987 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі
2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, мамандығы — "Ақпараттық жүйелер", біліктілігі — ақпараттық жүйелер бакалавры.
2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, мамандығы — "Ақпараттық жүйелер", біліктілігі — ақпараттық жүйелер магистрі.
Жұмыс тәжірибесі
2008–2015 — "Қазақстан қор биржасы" АҚ:
2015–2016 — "eTrade.kz" ЖШС, бас маман.
2015–2017 — "Қазақстан қор биржасы" АҚ, ақпараттық технологиялар департаменті жобалау бөлімінің бастығы.
2017–2018 — "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ, Басқарма Төрағасының орынбасары.
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары
САКРЮКИН ДМИТРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ 1987 жылы Ақмола облысында туған.
Білімі
2008 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы — "Есептеу техникасы және бағдарламалау", біліктілігі — ақпараттық жүйелер бакалавры.
Жұмыс тәжірибесі
2007–2008 — "АТФ Банк" АҚ Павлодар қаласындағы филиалы, ИТ бас маманы;
2008—2011 — "Павлодар мұнайхимия зауыты" АҚ, Аға әзірлемеші;
2011—2014 — "Электронды коммерция орталығы" ЖШС, Әзірлемелер департаментінің директоры/Техникалық архитектор;
2014 — "Dynamics Technologies" ЖШС, Техникалық директор;
2014—2016 — "Электронды коммерция орталығы" ЖШС, Техникалық директор;
2016—2021 — "Самұрық-Қазына" АҚ:
2021 жылғы 11 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ, Басқарма Төрағасының орынбасары.