Орталық депозитарий мына ұйымдардың мүшесі болып табылады:
- Еуразия орталық депозитарийлерінің қауымдастығы (ЕОДҚ) - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық депозитарийлер бірлестіктері, оның басты мақсаты — депозитарлық қызметті дамыту және оны жетілдіру, бірыңғай "депозитарлық кеңістік" құру, ТМД елдерінің орталық депозитарийлерін бағалы қағаздармен мәмілелер жасау бойынша есептесудің жалпы әлемдік жүйесіне енгізу;
- Ұлттық нөмірлеу агенттіктерінің қауымдастығы - әртүрлі елдердің ұлттық нөмірлеу агенттіктерінің бірлестіктері, оның мақсаты — қор нарықтарының қаржы құралдарын кодификациялаудың бірыңғай халықаралық стандарттарын барлық жерге енгізу мен пайдалануды ілгері жылжыту;
- Азия-Тынық мұхит орталық депозитарийлерінің қауымдастығы, Азия-Тынық мұхит өңіріндегі орталық депозитарий бірлестіктері, оның басты мақсаты – клиринг пен есептесуді жүзеге асыру бойынша қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында түрлі секторларда ынтымақтастық қатынастар орнату;
- Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (БҚКХҰ) , бүкіл әлемнің бағалы қағаздар нарығын реттеу органдарының бірлестіктері, оның басты мақсаты – инвесторларды қорғау, тиімді және ашық нарықты қолдау, сондай-ақ жүйелік тәуекелдерді жою үшін қажетті бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын әзірлеу, енгізу және сақтауға жәрдемдесу;
- Еуропалық орталық депозитарийлер қауымдастығы, 36 еуропалық елдердің 41 ұлттық және халықаралық орталық депозитарийлер бірлестігі, оның басты мақсаты – еуропалық қаржы нарығы үшін тиімді инфрақұрылым жасау үшін орталық депозитарийлер қоғамдастығының, еуропалық реттеуші органдардың және басқа мүдделі тараптардың арасындағы конструктивті диалогқа жәрдемдесу.